Қазақфильм «Мұқағали» фильмінің түсірілімін бастады

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Түсірілім жұмыстары Өскемен, Санкт-Петербург, Алматы қалалары мен Алматы  облысында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақфильм мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімін бастады, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.


©
Photo : «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

«Мұқағали» фильмі

Картина қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері – танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Сценарийін Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов, Ғазиз Насыров жазған.

Тағы оқыңыз: Ақынның әйелі не үшін өкінді: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», — дейді фильмнің режиссері.


©
Photo : «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

Картина қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі туралы сыр шертеді

Фильм Өскемен қаласында түсіріле бастады. Содан соң түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы қалалары мен Алматы  облысына жол тартпақ.

Тағы оқыңыз: «Форсаж» фильмінің эпизоды Қазақстанда түсірілуі мүмкін

Қалымбетовтың айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Көрермен Мұқағали Мақатаевтың есейген шағымен, Қазақ КСР Жазушылар Одағы отырысында ақынның тағдыры шешілген сәтімен танысады.


©
Photo : «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

«Мұқағали» фильмінің түсірілім тобы



sputniknews.kz