«Қазақфильм» кинолары архивте шаң басып жатыр ма?

0

Кинорежиссер Талғат Теменов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында «Қазақфильмнің» бүгінгі күнгі жағдайы туралы сөз етті.

«Кино дегеніңіз үш түрге бөлінеді: шоу-комедиялар, авторлық фильмдер, халықтың жоғын жоқтап, мұңын жазатын кинолар.  Кино — идеология, халықты елге, жерге танытатын бірден бір сала. Өкінішке орай, біздегі заңдар кино саласын дамытуға емес. оны өшіруге арналған сияқты. Мәдениет министрілігі қасынан «Қазақфильмнің» ортасынан ұлттық киноны дамыту орталығы құрылды. Онда жиырма шақты маман «эксперт мүшесі». Солардың ішінде қазақша оқитындары саусақпен санарлық қана. Яғни ұлттық ана тілінде сценарий оқымаған адам ұлттың жоғын жоқтайды дегенге мен сенбеймін. Олар әр кино ертең экранға шыққан біздің жасөспірімді қалай тәрбиелейтінін ойлау керек.

Жемқорлықтың арқасында «Қазақфильмді» кімдер басқармады? Өкінішке орай, басшыға жарымай қойдық. Бүгін де «Қазақфильм» жетім баланың күйінде. Ол суреткерлердің қашатын емес, бас қосатын жері» — деді Теменов.

Видеоның толық нұсқасы: https://youtu.be/M1PWNWt6sTM?si=4U9-Yz26CL-NI9yn