қазақ тілінің клавиатурасы қандай болады?
Қазақ тілінің жаңа пернетақтасының екі нұсқасы білім және ғылым министрлігіне жіберілді
АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Қазақ тілінің латын әліпбиіне арналған пернетақтасының екі нұсқасы Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтында таныстырылды.
Пернетақтаны жасап шығарғандар қазақ тілінде ең жиі қолданылатын әріптерді анықтаған. Олардың қорытындысы бойынша, сөздік қордың 80%-ында негізінен 42 әріптің 19-ы пайдаланылады.
Астанадағы латын графикасымен жазылған маңдайша жазулар — фото
Институттың бас ғылыми қызметкері Асқар Жұбанов «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында айтқандай, ғалымдар сөздердің алты-жеті миллиондай қолданысын қарастырып, қазақ тілінің бес стилін қамтыған.
Қазақстандықтар латын әліпбиінде диктант жазды
Бірінші нұсқада стандартты пернетақтаны толықтай өзгертіп, көбінесе қатар кездесетін әріптерді бірге орналастырды. Екінші нұсқада – стандартты пернетақта еш өзгертілмеген, бірақ оң жақта латын әріптерінің батырмалары тұрады.
Екі нұсқа да білім және ғылым министрлігіне жіберілді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Қазақстанда мемлекеттік тіл кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшеді. Іс-қағаздары, баспа және оқулықтар 2025 жылға қарай ауысуы тиіс. Әліпбиде қазақ тілінің төл әріптері үшін диакритикалық таңбалар қолданылмақ.
©
Foto : ҚР президентінің ресми сайты
Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы
Дереккөз: https://sputniknews.kz/