Қазақ тілінде қате жазылған жарнамалар заңмен қудаланады

0

Бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы жазды.

«Жұмыс тобының 4 отырысы өтті. Онда қазақ тілінде сауатты жазуды талап етіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтетін 40-тан аса түзету ұсындық.

Өкінішке орай әлі де көшелердегі қазақ тілінде қате жазылған ақпараттан құтыла алмай келеміз.

Сондықтан заң жобасында қоғамдағы көтеріліп жүрген сыртқы жарнамалар мен маңдайшалардағы, басқа да көрнекі ақпараттардағы қазақ тілінің сауатты жазылуы және мәтіндердің түпнұсқалы аудармасы бойынша қосымша талаптарды белгілеу көзделген. Бұл кәсіпкерлердің және әрбір азаматтың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді деп санаймыз» деп жазды депутат.