Қазақ тілін білмейтін министрлердің тізімі жарияланды

0
67

Ranking.kz компаниясы шет тілдерін жақсы меңгерген қазақстандық министрлердің рейтингін жасады.
Зерттеу барысында 19 шенеуніктің екеуі қазақша, жетеуі ағылшын тілінде сөйлей алмайтыны анықталды.

Жетекші орынды ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат иеленді. Ол жеті тілде сөйлей алады: қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын.

Рейтингте екінші орынды Сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді және Ұлттық экономика министрлері Әлібек Қуантыров бөлісті. Олар бес тілді біледі. Тілеуберді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен басқа жапон және корей тілдерінде, ал Қуантыров испан және неміс тілдерінде сөйлейді.

Үшінші орынды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова иеленді. Олардың активтерінде төрт тіл бар.

Қазақ тілін тек Дүйсенова мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ғана білмейді.

Сонымен қатар, қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі.

Фото: primeministr.kz