«Қазақ тілі болуы тиіс» Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Тоқаевтың айтуынша, қазақ және орыс тілдерінің балалар үшін маңызы зор

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды мемлекет  басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылай отырып, білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселесіне назар аударды.

«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан президенті.

Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үштілділік туралы идеясы алғаш рет 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтылды. Ол кезде тұңғыш президент кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын.

Содан соң тұңғыш президент «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырды. Бағдарламалық құжатта 2015-2020 жылдарға 7 стратегиялық бағыт қамтылған: заңнамалық базаны құру, үш тілде білім беру мәселелері бойынша ғылыми қызмет, үш тілде білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету, мамандарды дайындау және білімді жоғарылату, үш тілде білім беруді институционалды қолдау, үш тілде білім беруді ақпараттық қолдау, сонымен қатар білімді қаржыландыру.

 



sputniknews.kz