Қазақ-қырғыз шекарасында барлық өткізу пункттері ашылады — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқалы Абылғазиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пункттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, тараптар коронавирус инфекциясының таралуына қарсы тұру және тұрғындарды COVID-19-дан қорғау мәселелерін талқылады.

Бұған дейін Қырғызстанның Қазақстанға қарсы айыптаулар жасағандығы туралы хабарланған болатын. Атап айтқанда, елдің экономика министрлігі Қырғызстан жағынан көліктердің өтуі үш есе жылдам болатындығын атап өтті.

Өз кезегінде, ҚР сауда және интеграция министрлігі Бішкек ұсыныстарға құлақ аспайтынын айтты.

stan.kz