Қазақ-қырғыз шекарасынан жерасты каналы табылды: тергеу жүріп жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Пластикалық шлангілердің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды, соған қарағанда бәзбіреулер шекара арқылы жанар-жағармай тасымалдамақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысының шекара маңы аумағынан жер астында төселген екі шлангі табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне жасап.

Қазақстандық шекарашылар қырғыз әріптестерімен бірлесіп Жамбыл облысының шекара маңы аумағынан жер астында төселген екі пластикалық шлангі тапты. Олар қазақ-қырғыз шекарасы бағытында жүргізілген.


©
Photo : пресс-служба пограничной службы КНБ РК

Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз жанар-жағармай тасымалдауға арналған магистраль

«Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар шекара арқылы заңсыз жанар-жағармай тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жерасты магистралы болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты құзырлы органдарға хабар берілді. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.



sputniknews.kz