Қазақ мүсіншілері Түркияда Көроғлыға ескерткіш тұрғызды

0

Болу шаһарына еңселі ескерткіш үшке бөлшектеліп жеткізілді.

Түркияда күллі түркі жұртына ортақ тұлға Көроғлының ескерткіші бой көтерді. Бұл туындыны қазақстандық шеберлер жасап шыққан. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Болу шаһарына еңселі ескерткіш үшке бөлшектеліп жеткізілді. Аумағы 5 мың шаршы метрді алып жатқан Көроғлы саябағына орнатылған алып мүсіннің биіктігі 70 метр.

Жалпы Болу шаһарының өзі теңізден 700 метрдей жоғары тұр. Сондықтан көк тіреген тарихи ескерткішті шаһардың қай қиырынан да көруге болады. Бұл айтулы дүниені жасауға түркі халықтарының сәулетшілері мен мүсіншілерінен талай жоба түскенмен конкурста қазақ жобасы үздік шықты. Авторы белгілі мүсінші Мұрат Мансұров пен сәулетші Еділ Түсіпбеков.

Олар елімізде бірқатар белгілі жобаларды жасап шыққан. Тізімде Алматыдағы «Тәуелсіздік», Астанадағы «Қазақ елі» монументтері, «Мәңгілік ел», «Қазақ хандығының 550 жылдығы» кешендері барі.

Мұрат Мансұров, мүсінші: — Болу қаласының басшылығы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірігіп, алғаш рет ашық түрде халықаралық конкурс жариялаған болатын. Бұл текті конкурстар, сәулетшілер мен мүсіншілердің ең үздік туындыны жасап шығуына түркі болады. Конкурстың жеңімпазы ретінде ескерткіштің ең жоғарғы жеңгейде бой көтеруіне бар күш жігерімізді жұмсап отырмыз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/