Қазақ көбеюі керек – Мұхтар Мағауин

Қазақтың саны көбейіп, тез арада 20 млн адамға жетуіміз керек. Бұл туралы Қазақстанның Халық жазушысы, тарихшы, публицист, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин айтты.
Журналист Нұрбек Бекеннің жазуынша, АҚШ-та тұратын қазақтар бас қосып, оған белгілі жазушы Мұхтар Мағауин қатысқан.
Алдағы уақытта қазақ мемлекетінің алдындағы ең басты мәселесі сырттағы қазақтарды келтіру болуы керек. Қазақ көбеюі керек. Тез арада 20 млн-ға жетуіміз қажет. Құдайға шүкір, қазір қазақтың саны – 13,5 млн. Алдағы уақытта 20 млн болса, кейін өсіп-өне береді, — деді жазушы.
Еске сала кетсек, бұған дейін шетелдегі ауқатты қазақтардың елге келуі жеңілдейтіні туралы хабарланған еді.