Қазақ киносының ұлы шебері

0

Алматыда Шәкен Аймановқа ескерткіш қойылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Юрий Померанцев сияқты танымал өнер қайраткерлері қатысты.

«Бұл – жақсы бастама. Шәкеңнің алдында Қалибек, Серке, Елағаң сияқты ұстаздары болған. Шәкең бастады, соларға да болашақта ескерткіш қойылып жатса, халықтың сүйіспеншілігінің көрінісі болар еді», – деді Асанәлі Әшімов.

Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты арқылы – ұлы қазақ актері, Қазақстанның театр және кино режиссері, қазақ киносының «алтын ғасыры» деген түсінік қалыптасты.

Кеңестік кезеңде түсірілсе де, барша қазақстандықтар «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры», «Алдар көсе» секілді фильмдерді әлі қызыға көреді.  Олар атақты режиссер Гайдай, Рязанов немесе Данелия фильмдерінен бір мысқал да кем емес. Егер Шәкен атамыздың қысқа ғұмыры мен абсурд өлімі болмаса, онда ол жоғарыда аталған кеңес пен ресейлік әріптестері сынды тағы бірнеше казақ киношедеврін туғызар еді.

Режиссер ретінде Шәкен Айманов жалпы — 11 фильм түсірген екен. Олардың ішінде — «Әкелер жері», «Біз осында тұрамыз», «Атаманның ақыры», «Тақиялы періште», «Алдар көсе» бар.

Танымал шығармашылық тұлғалармен бірге Айманов бес фильмнің сценарийін жазған. Солардың бірі — белгілі комедия «Тақиялы періште».

Қысқа ғұмырында Шәкен Айманов қазақ киносының алғашқы режиссері атанды. 1950 — 1970 жж. қазақ театр мен кино саласында бірнеше басты рөлдерді сомдады.

Қазір Аймановтың атымен Қазақстан ұлттық киностудия, Алматыдағы көше аталады. Шәкен Айманов атындағы Орталық Азиядағы ең ірі кинофестиваль өз жұмысын жүргізеді. Шәкен Аймановтың шығармашылық тағдыры — қазақ кеңес мәдениетінің тамаша ерекшелігі саналады. Бұл тұлға кеңестік және қазіргі Қазақстанның мақтанышы.

Шәкен Айманов Кеңес Қазақстанның рухани жаңғыру дамуына үлкен үлес қосқан адам деп толық айтуға болады (1950-1970). Бүгінгі күні оның шығармашылық жетістіктерінің маңызы мен құндылығына күмән жоқ. Уақыттың өзі Қазақстанның мәдени өмірінің тарихында Аймановтың атын жазды және оны халық тану мен сүйіспеншілігі нұрымен жаратты. КСРО халық әртісі, «Қазақфильм» студиясының мемлекеттік директоры, режиссер және актер Шәкен Айманов өзінің шығармашылығын және өмірін өз халқына арнаған шынайы патриоты және таланты зор тұлға деп танимыз.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.