«Қазақ халқы батырынан айырылды»: Ішкі істер министрі Атырауда қаза болған сержанттың анасына көңіл айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Атырауда әйелді құтқарамын деп көз жұмған сержанттың анасына көңіл айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Қазақ халқы батырынан айырылды": Ішкі істер министрі Атырауда қаза болған сержанттың анасына көңіл айтты

«Бүгін сізбен бірге Қазақстан ІІМ-нің ішкі құрамы түгел қайғыруда. Сіз сүйікті ұлыңыздан, біз — қайсар жолдасымыздан, жас қызметкерімізден, ал қазақ халқы ержүрек батырынан айырылды. Сіз Шалқар Көшкінбайұлын өз елінің азаматы әрі патриоты етіп тәрбиеледіңіз. Ол сын сағатта ерлік танытып, басқа адамды құтқару үшін өз өмірін құрбан етті», — делінген хабарламада. 

25 жастағы сержант Ақымғалиев отбасының жалғыз асыраушысы болған. Бұл ретте Тұрғымбаев Шалқардың антына адал болып, қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмғанын атап өтті. 

«Бұл өлім арамыздан ең үздік полицейлердің бірін, өз ісінің кәсіби маманын, өмірді, отбасы мен ісін сүйетін елгезек, мейірімді азаматты алып кетті. Ол жақындары мен қоғамға, қызметіне әлі талай игі іс жасар еді. Өз балаңды соңғы сапарға шығарып салу — ауыр қайғы. Ол табиғат заңына қайшы. Бірақ, өкінішке қарай, кейде болып қалады», — деп атап өтті министр. 

«Батыр үшін сіздің алдыңызда бас иеміз. Бұл әрекетімен Шалқар Көшкінбайұлы біздің жадымызда мәңгі сақталады. Біз оның ерлігін ешқашан ұмытпаймыз», — деп қорытты сөзін Тұрғымбаев. 

Айта кетейік, полицей Орал өзеніне секіріп кеткен қызды құтқарамын деп көз жұмды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz