Қазақ еркегі популизмнен шаршамайды

0

Жігіттерге азғантай сын айтылып еді, жан-жақтан шулап кетті ғой) Шындыққа тура қараған дұрыс. Мен шетелдікке тұрмысқа шығуды құптап отырған жоқпын. Бірақ, өздеріңіз қазақ қыздарының бәрін бақытты ете алмасаңыздар, өзге ұлтқа шықты деп, сынап-мінеуді тоқтатыңыздар. Қазақ күйеулерінен күнде жәбір көріп, қор боп жүрген қазақ әйелі аз емес..

Отбасылық зорлық-зомбылық елімізде өршіп тұр. Әсіресе ауылдық жерлерде. Баланы тудырып, алимент төлемей, бар ауыртпалықты әйелге артып, қарақан басының қамын ғана ойлайтын қазақ еркектері аз емес, өкінішке орай..Біздің азаматтардың дені отбасы мәселесі сөз болса, тоқал тақырыбынан арыға бармайды.

Мықты болсаңыздар, етектен аспайтын әңгімені доғарып, сол бала-шағасын тағдыр тәлкегіне тастап, қараспайтын безбүйрек еркектерді түзеңіздер, намысын оятыңыздар! Шамаларыңыз тек қыз-келіншекті сынауға, ақыл айтуға ғана жетеді, әйтеуір. Популизмнен шаршамадыңыздар ма?

Қазақтың ұрпағын қыз емес, ұл жалғастырады. Одан да ана тілін менсінбейтін бауырларыңыздың ұлттық намысын оятуға тырыссаңыздаршы! Тіл жоғалса-ұлт та жоғалады! Қазақ тілінде сөйлемейтін қазақтар көбейген сайын, ұлт ретінде жойылу қаупі көбірек. Сонымен күресіңіздер, шынымен ұлтқа жандарыңыз ашыса..

Ләззат АХАТОВА, әлеуметтік желідегі жазбасынан алынды.