Қазақ болуға арланамыз

0

“Қасқыр”, “Арлан”, “Көкжал”, “Бөрі” деп жыртқыш аңға теңеп, өзіміздің рухымызды көтеретін әдетіміз бар. Өзінше бір допинг ғой. “Ата-бабамыз батыр болды”, “менің 20-шы атам бәрін қырып-жойған” деген өз-өзін жұбатудан чемпионбыз.

Ал шын мәнінде біздің ұлтта көптеген комплекстер жатыр. Өз ұлтынан ұялу, ата-бабасының арасында өзге ұлт болса, сонымен мақтану (апашка у меня татарка была дегендей), 5-6 қазақтың ортасына бір өзге ұлттың адамы кірсе, орыс тілінде сөйлеу, өз қазағын жаншу арқылы өзге ұлттың алдында интернационалист болып көріну — осының барлығы егеменді 30 жылдың ішінде кетіп қалады деген өтірік. Ол сүйекке сіңген құбылыс.

Менің қорқынышты үрейлі ойым бойынша, 2045 жылы (мен пайғамбар жасына келгенде) Қазақстанда қазақ тілін білмейтін қазақтар өмір сүреді деп ойлаймын. Себебі бүгінгі күні (Нұр-Сұлтан қаласы үшін жауап берейін), 10 мектеп оқушының 3 мүлде қазақша білмейді, 3 білсе де орысша көбірек сөйлейді, ал қалған 4 бала қазақша тек үйде және сабақта сөйлейді.

Сондықтан, біздің бабаларымыз жұлып жейтін Қасқыртегі Көкжал Арланұлы болған шығар, бірақ бүгінгі қоғамда Қоев Тоқты Қошқаровичтер көптеу сияқты …

Самат НҰРТАЗА, әлеуметтік желідегі жазбасынан.