Қазақ боксы: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

0

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты деп жазады Olympic.kz.

Қамшыбек 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы — Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов.