Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық «Тайсонды» жеңді – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанның үздік боксшыларының ондығына кіретін Нұрзат Сабыров сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті  

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров «Тайсон» деген лақап атпен танымал мексикалық Рикардо Адриан Луна Флорестен басым түсіп, кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады sports.kz.

Жекпе-жек Канаданың Римуски қаласында өтті. Жартылай ауыр  салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның нәтижесі бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабыровқа берді.

Жеңілмеген 26 жастағы қазақстандық осымен 11-ші жеңісіне қол жеткізді (оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтаған).

Флорес 22 кездесуде жеңіске жетіп (14 нокаут), сегізінші рет жеңіліп отыр және бір жекпе-жекте тең түскен.

BoxRec сайтының мәліметінше, Нұрзат Сабыров Қазақстанның үздік 10 боксшысының қатарына енген.



sputniknews.kz