«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды
– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайларда тұрақты қаржылық жағдайы бар, пруденциалдық нормативтерді бұзбаған, кең филиалдық желісі және инфрақұрылымы бар, Республика бойынша салымшыларға қызмет көрсететін, банк агент әрекет ете алады. Біз ҚДКБҚ өздерінің сенімділігі үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.
Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) екінші деңгейдегі банктер арасында ең жоғары несие рейтингтерінің біріне ие. Банктің филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан, қазіргі уақытта ВТБ желісінде 85 банкомат пен 28 ақша нүктесі бар.
«Qazaq Banki» АҚ салымшыларына төлем 2018 жылдың 24 желтоқсанында басталады. 24 желтоқсанға дейін Банк ВТБ (Қазақстан) салымшылардан өтініштер қабылдап, кепілдік өтемақы төлеуге құқылы емес.
Депозитке кепілдік берілген төлемді алу үшін «Qazaq Banki» АҚ клиенттері жеке басын куәландыратын құжатпен және Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесіне жазбаша өтініш беруі керек. Филиалдардың мекен-жайы www.vtb-bank.kz банкінің сайтында көрсетілген. Сіз ақшаны үш жолымен ала аласыз: қолма-қол ақша, банк шотына аудару немесе банк агентте салым ашу.
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер «Qazaq Banki» АҚ ағымдағы шоттарында және төлем карточкаларында орналастырылған ақшаны өтеуге құқылы. Өтемақы есептелген сыйақыны есепке ала отырып, бірақ ең жоғары кепілдік сомасынан аспайтын депозит балансының сомасында төленеді:
• 10 млн теңге – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
• 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.
Qazaq Banki-да бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында орналастырылған бір салымшының депозиттеріне 15 млн. теңгеге толық өтемақы төленеді, ал шетел валютасында депозит 5 млн теңгеден аспайды.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ арнайы резерв есебінен «Qazaq Banki» АҚ салымшылары үшін өтемақы төлеу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) толық ақшамен қамтамасыз етеді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ
Дереккөз: http://egemen.kz/