Қазақ әскері орысқа тәуелді ме: Тоқаев пен Шойгу әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады. Бұл туралы KzNews.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей қорғаныс министрін өзімен тең деңгейдегі ҚР Қорғаныс минситрі Нұрлан Ермекбаев қабылдауы керек еді. Бұл жоғары деңгейдегі саяси теңсіздік. Оның үстіне әскери ынтымақтастық ұғымы қазақ әскерінің орысқа тәуелді болуы дегенмен бірдей дегенді білдірмей ме?

Ел Президенті: «Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады», деді.

Таулы Қарабақтағы жағдай біздің әскери салаға зор реформаның керек екенін анық көрсетті. Бүгінгі таңда ұрыс бола қалса жердегі атыс техникалары қауқарсыздық танытады. Әуе шабуылы, дронды техника әскери салаға басқа көзқараспен қарауды үйретуі керек еді. Біздің ел көрші Әзербайжанды қолдаудың орнына Арменияға әскери-моралдық жақтан қолдау көрсетіп отырған Ресейдің әскери мансаптысын марапаттап жіберді. Яғни І дәрежелі «Достық» орденін берді.

KzNews.kz