«Қазақ аруы — 2019» байқауының жеңімпазы анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Астанада «Қазақ аруы — 2019» байқауының жеңімпазы анықталды. Финал 19 наурыз күні бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Бұл туралы Stan.kz Елорда Инфо басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталдыФото: Sputnik/Владислав Воднев

Еліміздің ең сұлу аруы атағы үшін әр аймақтан келген 18 қыз бақ сынасты. Өздеріңіз білетіндей, бұл байқауда қыздардың тек сыртқы келбетіне емес, біліміне, салт-дәстүр мен мәдениеттен хабарына баса мән беріледі.

Павлодарлық Сания Темірханова «Қазақ аруы-2019» байқауының жеңімпазы атанды. Өткен жылы бойжеткен республикалық сұлулық байқауына Павлодардың атынан қатысқан болатын. 

Бірінші орын қарағандылық Айғаным Орынбековаға, екінші орын астаналық Анна Вайдуроваға, ал үшінші орыс павлодарлық Сая Тұрсынбековаға бұйырды. 

Байқау бағдарламасына сәйкес, қыздар шығармашылық және білім сайысына түсті. Үшінші кезеңде қазақстандық дизайнерлердің көйлегімен сән көрсетті. 

Қазылар алқасының құрамында Ерік Жолжақсынов, Қарақат Әбілдина, Баян Алагөзова, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Бірғаным Әйтімова болды. Жобаның бас продюсері Баян Мақсатқызы екенін айта кетейік.

 

stan.kz