Қазақ ақкөңіл ғой, өзімізге-өзіміз рахмет айттық

0

Қазақ ақкөңіл ғой, өзімізге-өзіміз рахмет айттық

 Біздің қоғамда көптеген «сызаттар» мен «жарылыстар» бар.

Бұл құбылыстардың саны көп.

Мысалы үшін, тек қазақтың ішінде тіл мен дін мәселесі бойынша өз арамызда теке-тіресу басым.

Қазақ тілді-орыс тілді қаракөз, дәстүрлі дінге сыйынатын, салафиттік бағыттағы қазақ. Өкінішке орай, құндылық тұрғысынан бұлардың арасында шексіз саңылау жатыр.

Ал енді, кеше Алғыс күні болды.

Биліктің ойы бойынша, бұл күні еліміздегі диаспоралар «тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмағаны» үшін, қазақ халқына алғыс жаудыруы қажет. Бірен-саран азамат болмаса, жамырай

Алғыс, рахмет жаудырғандарды көзіміз шалмады.

Қазақ ақкөңіл ғой, өзімізге-өзіміз рахмет айттық, жас қозы-лақ тәрізді.

Бұл басқалардың жәй ғана енжарлығы емес, олар бізге сенбейді, бір саусақтары бүгулі деген сөз.

Неше түрлі «бұра тартатын» жымысқы ойларды осылар іс-жүзіне асыруы ықтимал.

Ал енді, елімізде неше түрлі тату-тәттілікті, бірлікті ғүрыптайтын институттар жеткілікті.

Солар бюджетті сүліктей сорып жатыр. Жұмысы қайда?

Мысалы, еліміздегі халық Ассамблеясы. Сол Ассамблеяның мүшелері елге еңбек еткеннің орнына, мемлекетке қосымша масыл болып отыр ма?

Біз көпке топырақ шашудан аулақпыз, басқа халықтардың құрамында еліміздің патриоттары басым көпшілік болуы ықтимал.

Олар тіршіліктің қамымен, бұл мейрамды ұмытып кетуі де ғажап емес.

Бірақ, жел болмаса, шөптің басы қыймылдай ма?

Сол жел бар ма? Бар болса, қай жақтан, қалай соғып түр?

Өте үлкен сұрақ!…

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 189    Пікірлер: 0