қаза болғандар саны тоғызға жетті
Қысқа сілтеме алу
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұған дейін құрбандар саны жетеу деген ақпарат тараған болатын
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша тоғыз адам қаза тапты. Зардап шеккендер саны да тоғыз, олардың алтауы – балалар.
Бүгін таңертең Алматыда жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін құлаған. Әуе кемесі ұша алмай қалып, бетон қоршауды қағып өткен. Одан кейін Қызылту ауылындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған.
Апаттың мән-жайы
Кейін Алматы әуежайы болған оқиға жайлы алғашқы мәлеміттер берді.
«Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан рейсімен жолға шыққан «Бэк Эйр» әуе компаниясының борты жоспар бойынша сағат 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Бортта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар», — делінген Алматы әуежайы мәліметінде.
Тағы оқыңыз: Алматыда «Бек Эйр» жолаушылар ұшағы құлады — видео
Жедел жәрдем ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық мекемеге бір адам жеткізілген. Бұл ақпаратты аурухана қызметкерлері растады. Олар толық деректі кейін беруге уәде берді.
Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасымен арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында премьер-министр орынбасары, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, басқа да мемлекеттік орган өкілдері бар. Комиссия мүшелері оқиға орнына аттанғалы жатыр. Оқиғаның себебі мен толық мән-жайы алдағы уақытта белгілі болмақ.
Зардап шеккендердің біразын Алматы әуежайы терминалы кіреберісінен алып кетіп жатыр.
Ұшақ құлаған кезде өртенбеген. Қазір құтқару жұмыстары жүргізілуде.
©
Photo : КЧС МВД РК
Апат боған жер
Бүгінде төтенше жағдай фактісі бойынша шұғыл желі іске қосылды.
Шұғыл желі: 8 (7172) 53-32-84,
Алматы облыстық ТЖД: 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18,
Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД: 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.
sputniknews.kz