Қауіпті індет: тек ерлер көз жұматын ауру пайда болды

0
14355

Ғалымдар ерлер арасында өлімге әкелетін аса қауіпті ауруды анықтады. Зерттеу нәтижелерін ғалымдар The New England Journal of Medicine журналында жариялаған.

VEXAS атты жаңа синдром туындататын аурудың қауіптілігі сонша, бұл аурумен ауырғандардың 40 пайызы көз жұмады екен. Науқастар тамыр түйілуі, өкпе қабынуы мен кеуде тұсының ауыруы сынды қиындықтарға тап болады.

Ғалымдар аурудың пайда болуы X-хромосомасындағы UBA1 гені мутацияға ұшырағаннан деп пайымдайды. Зерттеу барысында ғалымдар 25 ер азаматтың генінен мутацияны анықтаған. Зерттеушілер бұл аурумен ауыратын жандар көп деген ойда. Әзірге аталмыш індетті емдеу жолы жоқ.

newsroom.kz