Домой Жаңалықтар «Қатынымды ұрып тастады»: Таразда жас сарбаз бірнеше адамды көшеде ұрып тастап, біреудің...

«Қатынымды ұрып тастады»: Таразда жас сарбаз бірнеше адамды көшеде ұрып тастап, біреудің үйіне баса көктеп кірген (ВИДЕО)

0
36

Жамбыл облысының Құлан ауылында әскери қызметкер бірнеше әйелді соққыға жықты.

Бұл туралы Polisia.kz жариялады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 12 желтоқсанда Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен.

“Анықталғандай, ер адам кешкі уақытта алдымен үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы әйелдің бетіне соққы жасаған. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйелдерді ұрып-соққан. Соңғы әйелдің үйіндегі жолдасы аталған ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Шақырту бойынша шұғыл жеткен сақшылар 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізіп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізді”, — делінген хаьарламада.

Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК-нің 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.