«Қатын құтырса, ұрпақ құриды, гейлер қаптайды»: Құралай ханым қыз-келіншектердің тәрбиесін өз қолына алмақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Құралай Ошақбаева қазіргі таңда телеарнадағы қызметінен бөлек, қыз-келіншектерге өмірлік кеңес беріп, сабақ өткізуден алдына жан салмай тұр. Оның айтуынша, жас қыздар маугли болып кетпеу үшін өзі секілді тәтелер керек екен. Бұл туралы ол инста парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзін қазақ қыздарын тәрбиелеуші ретінде таныстырған ол, бұған толық қанды құқығы бар екенін айтады. 

«Артымнан ерген сіңілілеріме, аузымды толтырып, айқайлап тұрып айтуға, толық қанды, рухани, әлеуметтік, саяси, тағы қандай дейсіз барлық құқығым бар», — дейді ол. 

Бұдан бөлек оқырмандарынан өзін сынай бермей, керісінше Құралайды оқып жүріңдер деп жас келіндерге айтып жүріңіздер деп сұрайды. 

«Себебі, үйде сіз жеткізе алмаған әңгімені, мен жетесіне жеткізіп тұрып айтып беремін! Бір құлағынан кіріп, екіншісінен ақса да, кішкене бөлігі қалады», — дейді Құралай ханым.

Құралай ханымның қыз-келіншектердің тәрбисімен білек сыбана кірісуіне әйелдердің құтыруы себеп болған.

«Әй, дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, қатын құтырған заман қәзір.
Қатын құтырса, ұрпақ құриды. Гейлер қаптайды.
Қоғам бүлінеді. Жастар үйленбей, бұзылып өмір сүреді», — дейді тренер-коуч.  

«Отбасы институтын сақтап қалуымыз керек! Бізге мықты ұрпақ керек! Оны тәрбиелейтін біз әйелдер! Сондықтан бүгіннен бастап Қазақ келіндерін жақсылыққа жетелейтін, өзін өзі тәрбиелейтін, бақытқа байлыққа құштар келіндер одағын құрамын», — деген ол енді өзін ешкім тоқтата алмайтынын ескертті.
 

stan.kz