«Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым»: «Шімән апа» танымал тележүргізушіні әшкереледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Ләйлә Сұлтанқызы мен Бибігүл Дәулетбекқызының соты басталғалы бері Дәулетбекқызының үстінен арыз жазушылар көбейген. Солардың ішінде әзіл-ысқақ актері Ерболат Төлегенов те бар. Актер парақшасына жазған постында журналистке алданып, балағат сөз естіп қалғанын жазған, деп хабарлайды Stan.kz. 

ерболат

Актер парақшасындағы жазбасында «Алматы» телеканалынан шығатын «Беу, туған жер» бағдарламасын жүргізуге Бибігүл өтініш жасағанын, жұмыс біткен соң келісілген сомманы төлемей алдап кеткенін айтқан. Арадан біраз уақыт өткенде ақшасын сұрап қайта хабарласқан актерге журналистің берген жауабы мүлде басқаша болған.

«Ауылдан анам келіп, көлікте келе жатқанбыз. Есіме Бибігүлден алашақ ақшам түсіп, анамның көзінше телефон соға қойғам. Арғы жақтан Бибігүл телефонды көтерер-көтермес: «Ей! Мен сені жұлдыз қылдым! Қатын болып жүрген жеріңнен еркек қылдым! Миымды ашытпай жоғал, ары!» деп айқай салды да, трубканы тастай салды. Бұл сөздерді жанымда отырған анам да естіп отыр», — деп жазған Төлегенов.

Актердің осы жазбасынан кейін өзіне хабарласып мән жайды сұрағанымызда: 

«Халық кімнің кім екенін білуі керек. Беті жылтырағанның бәрі алтын емес. Қарапайым халық алданып қалмаса екен. Өтірік жанашыр болып жүрген адамдардың кім екенін білсін. Сол посттың астында көп адамдар пікір қалдыруда. Оның ішінде «Ләйләнің сатып алған актерісің бе?» деген пікірлер де бар. Ләйләні танығаныммен, жақсы араласымыз деп айта алмаймын. Үш қайнасақ сорпам қосылатын адам емеспін.

Одан кейін «еркек емессің бе, әйелдердің тірлігінде нең бар» деп ақыл айтып жатқандар көп. Сонда еркекпін деп құр қарап отыра беруіміз керек пе? Халыққа ақ пен қараны көрсетпесек, еркектігіміз қайда қалды?!

Мен бұл мәселені былтырдан бері жазып келе жатырмын. Ол кісінің кім екенін араласқан адам ғана біледі. Мендік мақсат халық алданып қалмаса деген ой ғана», — деп өз ойын айтты актер. 

 

stan.kz