Қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованы жер қойнына тапсырды
Алматыда аяусыз өлтірілген 19 жастағы Аяжан Еділованы жер қойнына тапсырды.
Бұл туралы «Не Молчи» қоры хабарлады.
«Бүгін, 2021 жылы 16 сәуірде Аяжан Еділова жерленді! Көңілді, белсенді, мақсаты анық, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні кісі қолынан қаза болды. Туыстары Аяжан денесінің қалдықтарын мырыш табытта қабылдап алды … Орны толмас қайғы, иманда болсын», — деп жазды қор өкілдері.