«Қатыгез еді»: Бишімбаевпен түрмеде араласқан әйел ол туралы айтып берді

0

Алаяқтық ісі бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылып, соның 4-жылында босап шыққан экс-кәсіпкер Гүлзада Сәлім түрмеде Қуандық Бишімбаевты көргенін, оның қандай адам екенін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев қатыгез болған.

«Бишімбаевты танимын, көргенмін. Мен 9 желтоқсанда түрмеге түстім. Ол 11 қаңтарда түсті. Яғни,бір айдан кейін түсті. Түрмеде көріп тұрдым. Олар жарты жылдай ма түрмеде болды.

Қуандық өте сауатты жігіт. Бірақ өмірінде Салтанат екеуінің трагедиясын естігенде маған ауыр тиді. Салтанат өзін қорғай алса ғой… Бишімбаев қатыгез болатын. Бәлкім Қуандық кішкентай кезінен анасының бақытсыз болғанын көрді ме?! Әлде әкесі анасымен осындай қарым-қатынаста болды ма, біз білмейміз», — деді Гүлзада Сәлім.