«Қатты қобалжыған кездесу». Ырысбала Икрамбай қарттар үйіндегі қарияларды мейрамханаға шақырып, сый жасады
Қайырымдылық істерді жиі ұйымдастыратын танымал блогер Ырысбала Икрамбай қарттар үйіндегі қарияларды мейрамханаға шақырып, үлкен тосын сый жасады. Бұл керемет кешпен ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Мен қатты қобалжыған кездесу! Тоғызыншы айналымда мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып едім, балалардың керегін сол тоғызыншы айналымның қаражатынан алған едім. Ал онынышы айналымда қазыналы қарттарымыздың үйіне барғым келген, бірақ ата-апаларымыз бір серпіліп көңіл көтеріп қайтсыншы деп мейрамханаға дастархан жайып шақырдым, аталарымыздың иығына шапан жауып, тақия сыйға тарттым, апаларымызғада шапан мен орамал сый жасадық. Ойын ойнатып, сыйлық таратып, билеп, әндетіп кішігірім той болды. Сауаптан жазылсын Ырысты армиям сіздерге! Әр айналымда міндетті түрде қайырымды іс жасаймыз. Алла бұл кісілерге денсаулық, ұзақ ғұмыр берсінші. Өзім дегені өзегінен тепсе де, өзіндей қамқорлық көрсетіп жүрген қарттар үйінің қызметкерлеріне де мың алғыс! Әкемнің бір рет дидарын көру мәңгілік орындалмайтын арман мен үшін, бардың қадірін білмейтін жандар көп екеніне бүгін тағы көзім жетті… Әттең…» — деп жазған ол.
фото: massaget.kz