«Анам мені кешірді». Қазақстандық әке-шешесін боқтаған туған ағасын өлтіріп тастады

0
577
Сурет: joergweitz

Қазақстандық туған ағасын өлгенше таспен ұрып тастады.

Ер адам 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы қайғылы оқиғалардың бірі үшін кінәсін өтеп жүр.

«Ағам екеуіміз бір құрылыс бригадасында жұмыс істедік. Мен өлтірген адам туған ағам еді», – деп еске алды қылмыскер.

Айтуынша, қайғылы оқиға болатын күні ағасы әдеттегідей ащы суға тойып алып, кейін екеуі үйге қарай жүрген. Ағасы шаршап, жол жиегіне отыра кетеді. Кейін інісінің әке-шешесіне қатысты жаман сөздер айтып, боқтай бастайды.

«Әке-шешем менің байлығым болды. Сол сәтте не жын ұрғанын білмеймін, ағамды таспен өлгенше ұра бердім. Санам сөніп, ешбір жанашу деген болмады, басынан, бетінен бірнеше рет таспен ұрдым», – дейді қылмыскер.

Ағасы үнсіз қалған кезде ғана өзіне келген.

«Сол жерде кешке дейін отырып, ойымды жинақтаған соң үйге қарай беттедім. Ағамды өзеннің жағасында қалдырып кеттім. Үйге келе салысымен бөлмеме кіріп кеттім. Ағам бар суреттер мен альбомды алдым. Суреттерге қарап отырып жылап жібердім, әке-шешеме қылмысым туралы айтуға қатты қорықтым», – дейді ол.

Осыдан кейін ер адам қылмысы туралы әкесіне, артынша анасына айтқан. Кейін оны полицейлер келіп алып кеткен.

«Араға бірнеше жыл салып анама хабарласып, одан бауырын өлтіргенім үшін кешірім сұрауға дәтім барды. Ана жүрегі әрдайым кешірімді ғой, қатты қиналғанына қарамастан анам мені кешірді», – деп аяқтады сөзін ол.