Қатты қалдықты кәдеге жарату қажет

0

Облыстық экология депар­та­ментінің басшысы Мұрат Құр­ман­­баев көптеген әлеуметтік нысандарда лас су жинақтайтын септик салынғанымен кейбір ауданда әлі де қалдыққа арнал­ған кәріз жүйесі шешімін таппай отырғандығын айтты. Депар­та­мент басшысы экологиялық ахуал­ға әсер ететін осындай жауап­­сыз­­дықтарды ретке келтіру жөнін­дегі өз ұсыныстарын баяндап берді. Қатты қалдықтарды өңдеу мәселе­сінде түйткілді тұстар жоқ емес.

Қызылорда облысының таби­ғи ресурс­тар және табиғатты пай­далануды реттеу басқар­масы­ның басшысы Айдар Әбдуә­лиев ай­мақ­тың экологиялық мәселе­лерінің ішіндегі маңыздысы поли­гон­дарды экол­огиялық және санитарлық талап­тар­ға сәйкес­тендіру екендігін айтты.

– Барлық аудан мен қала әкімдіктері өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға 145 жер учаскесін белгілеп, тиісті құжаттарын толығымен ресім­деді. 2013-2015 жылдары Қармақ­шы, Қазалы аудандарының орталық­тарында полигон құрылыстары жүргізілді. 2018 жылы 1-ші кезекте облыстық бюджеттен Арал қаласына полигон салуға қаржы бөлінді. Қалған қаражат 2019 жылғы нақтыланған бюджетке ұсы­нылды. Мемлекет-же­ке­шелік әріптестігі аясында Қызыл­орда қаласында тұр­мыс­­­тық қатты қалдықтарды сұ­рып­­тау кешені мен полигон құ­рыл­ы­сын іске асыру жобасы бастал­ды. Аталған жұмыстарды жалғас­тыру мақсатында Сексеуіл мен Терең­өзек кентіне полигон құры­лыс­­тарына бюджетке өтінім ұсыныл­ды. Қалған Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандары поли­гон­ның жоба-сметалық құжатт­арын әлі күнге дейін созуда, – деді ол. 

Облыстың барлық ауданында қалдықтарды өңдеу бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүр­гізілмейді. Облыс бойынша 2018 жылы жинақталған 147,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық­тардың 4700 тоннасы өңделген. Яғни, бұл салада атқарылатын жұмыс жеткілікті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/