Қатты аязда бір апта далада көлігімен адасқан екі жігіттің бірі үсіп өлді

0

Қараусыз қалған тас жолдан көмілген қалған екі жігіт табылды. Көліктегі жастардың бірі үсіп өлген, екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

18 жасар екі жасөспірім 28 қарашада Ресейдегі Якутсктен Магаданға жолға шыққан. Олар межелі жерге жете алмай, байланысқа да шыға алмай жолда қалған. Оларды бір апта бойы іздеп, ақыры 5 желтоқсанда табылған, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.

Көлік тоқтаған жерден ең жақын елді мекенге — Томтор ауылына дейін — 120 шақырым. Жүргізуші Якутск-Магадан тас жолын неге ауытқып кеткені және қараусыз қалған тас жолға қалай түскені әлі түсініксіз.

Алдын ала нұсқа бойынша, радиатордың бұзылуы автомобильдің тоқтап қалуына себеп болуы мүмкін.