«Қатерлі ісіктен айығуға болады»: Отандық коуч дерттің басым бөлігі бастан болатынын айтты — Қазақстан жаңалықтары
Адамның ойлау қабілеті өміріне қалай әсер ететіні туралы, миының, түпсанасының мүмкіндіктері жайында зерттеулер легі таусылар емес. Ойды өзгертіп, өмірді өзгертудің сырлары жиі айтылып жатыр. Алайда ойды өзгертіп, түрлі аурулардан айығып кетуге болатынын көпшілік біле бермейді. Осыған байланысты Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі коуч әрі психолог Тимур Исмазовпен байланысып, адамдардың неліктен ойда жоқта күрделі ауруларға шалдығатынын, жақсылықты ойлаудың денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін, түпсанамен байланысты жақсарту үшін не істеу керектігін анықтады.
Әлемдегі он алты елді аралап, бір жылын Еуропада өткізген жас коучер Тимур Исмазов ойды өзгертіп, өмірді ғана емес, ең басты байлық — денсаулықты өзгертуге кеңес береді. Кезінде басынан үлкен сынақты өткізіп, жүру қабілетінен уақытша айырылған ол мәселенің қай жерден шыққанын анықтап, психосоматика ғылымына үлкен көңіл бөлген екен.
«Эмоционалды түрде күйіп кеткенімнің салдарынан күндердің күнінде аяғым жүрмей қалды. Бірінші курста оқығанымда мен қатты асығатынмын, барлығын жасап үлгеруге тырыстым, бәріне үлгердім де. Дебаттарға қатысып, бокс пен тхэквандоны қатар алып жүрдім, балаларды жаттықтырдым, сабақ үлгерімім де жасқы болатын.
Әртүрлі конференцияларға қатыстым. Моральды және физикалық түрде осының барлығы маған ауыртпалық салды. Ағзамды тыңдап демалуым керек еді, бірақ мен істеп жүрген жұмысымды жалғастыра бердім. Ақырында денсаулығым сыр берді.
Ем қабылдау мақсатында Алматыдан Таразға, ата-анамның үйіне оралдым. Жүре алмадым, аяғымды қозғалтуға шамам келмеді, қатты ауырдым. Осы ауруды жақсы білетін дәрігерлерде емделдім. Жүріп кетуім үшін ұзақ уақыт кетті. Аяғымның жанымды қинап, ауырғаны сонша, ауырсынуды басатын екпелерді үнемі қабылдап отыруға мәжбүр болдым. Олардың көмегінсіз ауруға төзу мүмкін емес еді.
Ата-анам, әсіресе, әкем маған қатты көмектесті. Әкем «қайтадан аяғыма тұра алмаймын» деген нұсқадан құтылу керектігін менің көкейіме құйып қойды.
Ал өзім басында бірнеше күн бойы «өмір осымен аяқталды», «жүре алмаймын» деп ойлағанмын. Спорт та жайында қалды. Жеке қажеттіліктерді істей алмайтындай дәрежеге жеткенде спорт туралы әңгіме де қозғалмайды. Түбінде уақытылы ем қабылдаудың, жақсылықты ойлаудың, яғни психосоматикалық себептерін табудың арқасында мен сол жағдайдан шыға алдым», — дейді ол. Осы оқиғадан кейін Тимур Исмазовтың өзгелерге көмектессем, психосоматиканы пайдаланып, емделудің жолын көрсетсем деген арманы пайда болыпты.
Тимур, жаман ойдан ауру туады. Адам бойындағы дертті ойды өзгертіп, емдеуге болады дегенді естіп жатамыз. Жалпы, психосоматика нені зерттейтінін, оның көмегімен қалай емделуге болатынын түсіндіріп берсеңіз.
Егер адамның ауырып қалуына сыртқы жағдайлар әсер етсе, мысалы, қалада жаппай таралған ауруды жұқтырып алса, салқын күні жеңіл киініп, суықтап қалса, мұны негативті ойдан туған дерт, жаман дүниені ойлаудың нәтижесі деп қарастыра алмаймыз. Психосоматика — жан мен тәннің, нақтырақ айтқанда, жан мен бастың тығыз байланысты екенін зерттейтін ғылым. Бастың психоэмоциялық бөлігі денедегі, ағзадағы өзгерістерге әсер етеді. Біздің ойларымыз, түрлі жағдайлар орын алғандағы реакциямыз, өз-өзімді ұстауымыз немесе, керісінше, өзіміздің эмоционалды күйіміз үшін жауап бере алмауымыз — барлығы ағзада дерт немесе ауру, жара түрінде көрініс табады.
Мысалы, неге екені белгісіз, бір адамның өкпесі ауырып жүр делік. Ол өкпесін суықтатып алған жоқ немесе өкпесі ауырып қалатындай салқын су ішпеді. Бірақ дәл сол мүше орналасқан жер шаншып, ауру мүлдем басылар емес. Бұл — мәселе адамның түпсанасында жатыр, жауапты сол жерден іздеу керек дегенді білдіреді. Түсініксіз себептермен ауырып қалған жағдайда адам басты назарды қорқыныштары мен үрейіне, жан дүниесіндегі түйіндеріне, нені көп ойлайтынына аударуы қажет. Бәлкім ол кезінде біреуге өкпелеп, эмоциясын сыртқа шығармай, оны ішінде сақтап қалған болар. Салдарынан айтылмаған реніші денесіне дерт болып бітті.
Кейбір адамдардың тамағы ауырмаса да, жөтелі қайтпай қоюы мүмкін. Психосоматикада адамның себепсіз жөтеле беруі, реніштің сыртқа шықпауы деп түсіндіріледі. Ол кісіге бәлкім жанұясы, жақындары ойын ашық жеткізуге, пікірін білдіруге мүмкіндік бермейтін шығар. Біреуге айта алмай қалған өкпесі болар. Жалпы, ренжісеңіз, тамақ пен өкпеңіздің ауыруы ықтимал. Бірақ ойыңызды ашық айтпасаңыз, жүз пайыз мына мүшеңіз, сырыңызды аша алмасаңыз, жүрегіңіз ауырады деп дөп басып айтуға болмайды. Себебі, әркімнің ағзасы әртүрлі. Сәйкесінше жаман ойдан, негативтен туған ауру әр адамға әртүрлі әсер етеді.
Онкологиялық аурулардың да себебі өкпе-реніш пе? Жыл өткен сайын қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың саны артып келеді. Көпшіліктің бір дүниеге реніші, осындай күрделі дертке шалдығуына түрткі болды деп есептей аламыз ба?
Қатерлі ісік — біреуге немесе бір нәрсеге деген үлкен өкпеден туатын ауру. Сап-сау адам қатерлі ісікке табан астынан шалдыға салмайды. Өкпесі тым ұзақ мерзімге созылып кеткен жағдайда, өкінішке орай, ол күрделі аурдың осы түріне тап болады. Әдетте, қатерлі ісікпен кезінде біреуді кешіре алмаған, ішіндегісін сыртқа шығара алмаған адамдар ауырады. Олар біреуге ренжулі екенін білмеуі де, сезбеуі де мүмкін. Бірақ түбіне дейін зерттесе, түпкі себебі сол екенін түсінеді.
Адамдардың қатерлі ісікке жаппай шалдығуы ортақ ренішке байланысты дегенмен келіспеймін. Бір топ адам мемлекетке өкпелегендіктен онкологиялық ауруға шалдықпайды. Әр адамның ауыр күйге түсуінің жеке себебі бар. Жаппай ауырып қалудың себебін психосоматика қамтымайды.
Сонда ол өзінің қатерлі ісікке шалдығуына не түрткі болғанын түсінсе, аурынан айығып кете алатын болғаны ғой?
Дәл солай. Сөз бен ойдың көмегімен күрделі дерттен айыққандар жетерлік. Солардың бірі танымал «Секрет» фильмінде де көрсетілді. Бір әйел жақсылықты ойлап, негативке бой алдырмаудың арқасында бар-болғаны үш-төрт айдың ішінде ауруын жеңіп шыққан еді. Егер адам ауруға шалдығуының себебін қатерлі ісіктің алғашқы кезеңдерінде түсініп алса, өкпе-ренішін жіберсе, жазылып кету ықтималдығы жоғары. Ал, кеш түсініп, ауруы асқынып, дамып жатса, жазылып кетеді деп айту қиын. Жалпы, кез-келген күрделі аурудан бастапқы кезеңдерінде жазылып кетуге болады. Психосоматика адам денсаулығын жақсартып, емделуіне көмектессе де жылына бір рет дәрігердің қаралуынан өтіп, қажетті дәрі-дәрмектерді ішуге кеңес беремін.
Эмоцияға жиі берілетін, айтылған сөздерді жүрегіне жақын қабылдайтын адамдар көбірек ауырады ма?
Дұрыс тұжырым. Мен адамның көбірек ауырғаны жақсы деп ойлаймын. Көп сырқаттанатын адамдардың сирек ауыратын адамдармен салыстырғанда табиғатпен және түпсанасымен байланысы мықты. Жиі ауыратын жандарға ағзасы осы арқылы бірнәрсенің дұрыс емес екені жайлы белгі береді. Ал түпсанасы мен байланысы нашар адамдар, өкпесі, реніші, айта алмаған сөзі болсын барлығын ішінде сақтап жүре береді. Дене мен түпсананың қарым-қатынасын сезінбейді. Мүлдем ауырмай жүріп, күндердің бір күнінде күрделі дертке шалдығып қалады. Жылдар бойы жиналған эмоциялар бір-ақ сәтте ағзасында ауыр дерт түрінде көрініс табады.
Жалпы, ауырып қалсам, оған қандай эмоциямның түрткі болғанын жақсы білемін. Бүйрегім ауырса, өткен шақтағы мәселемен байланысты дегендей. Әр адамның денесі басынан өткізген оқиғаларына байланысты әртүрлі реакция береді. Әркім өзінің неден және қалай жиі ауыратынын зерттеп, біліп жүрсе, жақсы болар еді.
Қалай ойласаң, солай болады деп айтып жатады. Ойдың көмегімен белгілі бір ауруды тілеп алуға бола ма?
Әрине, адам ойы арқылы өз өмірін басқарады. Басында туған ойы денесінің түрленуіне, өзгеруне тікелей әсер етеді. Мысалы, бір кісінің кеуде тұсы ауыра бастады делік. Ол жүрегімнен болар деп кеудесінің шаншуын ағзаның маңызды мүшесімен байланыстырады. Шаншудың жүрекке қатысы болмаса да, солай ойлап жүре береді. Кеудесі қайта-қайта ауырған соң, дәрігерге қаралуға барып, шыныменен де жүрегі ауыратынын біліп қайтады. Егер ол болжам жасамай, мысалы, ағзасына ас жақпай қалды деп топшыласа, жүрегіне ауру тілеп алмайтын еді.
Негізі, адамның бір ойға бар жанымен сенуіне таңғаларлық нәтижеге алып келеді. Мен жақсы танитын, тепсе темір үзетін бір қария бар еді. Ол өзінің денсаулығы жақсы, денесі сап-сау екеніне кәміл сенетін. Сол кісі бір күні дәрігерге барды да, көптеген дерттерге шалдыққанын біліп, дәрігердің айтқан сөзіне сеніп, мүлдем өзгеріп кетті. Мен жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстанатын адамның бір жылдың ішінде қаусыраған, әлсіз жанға айналғанын көріп, таңданысымды жасыра алмаған едім.
Психосоматикамен қандай аурулар емделінбейді?
Бала дерттері мен жасанды жол арқылы пайда болған аурулар. Кейде сәбилер өмірге ауру болып келеді. Кішкентай тіршілік иесі анасының құрсағында жатқанда ойлай алмайды. Сәйкесінше, оның ауруды өзіне «шақырып алуы» мүмкін емес. Осыдан баланың туа бітетін дертке шалдығуы, ауру болып туылуы ата-анасына байланысты екенін түсінеміз. Бала өмірге келерде әке-шешесінің уайым-қайғысы басынан асуы мүмкін. Жағымсыз эмоциялар жүктілік кезінде балаға беріледі, нәтижесінде ол ауру болып туылады. Сәбидің еш кінәсі жоқ, сонымен қатар, кішкентай болуына байланысты ол ойлау қабілеті арқылы өз-өзін емдей де алмайды.
Жасанды жолмен пайда болған аурулардың қатарына саясимақсатта шығарылған Эбола дертін, сосын ЖИТС-ні (СПИД) жатқыза аламыз. Аталған екі індеттен адамдар жаппай қырылады.
Егер адам нашар қоғамда өмір сүрсе, ол үшін жамандықты ойламай, назардың барлығын жақсылыққа аудару қиын болуы мүмкін. Қандай кеңес бересіз?
Қоғам адам миының нейронды байланыстарына тікелей әсер етеді. Тек жақсылықты ойлайтын адамды негативті қоғамға қоссаңыз, түбінде ол да сондай болып шығады.
Мен жағдайды қолға алып, әр ойға есеп бере алатындай, әр ойды басқара алатындай күйге көшкен жөн деп санаймын. Бұл күй негізділік деп аталады. Негізділіктің арқасында, яғни ойлау қабілеті үшін есеп бере отыра адам кез-келген тығырықтан шығып кете алады. Өзіңізге басты үш сұрақты қойыңыз: 1. Мен нені ойлап отырмын? 2. Мен оны ойлау керекпін бе? 3. Егер оны ойлаудың қажеті болмаса, нені ойлау керекпін? Осы үш сұрақты қою арқылы адам өзіне қажеттіні, маңыздыны ойлай бастайды. Егер, күніге таңертең осы жұмыстан шаршадым, бәрінен жалықтым деген оймен оянып жүрсеңіз, аталған үш сұрақты өз-өзіңізге міндетті түрде қойыңыз. Сонда оларға жауап ала отырып, көңіліңіздің маңызды дүниеге ауғанын байқайсыз. Тұра сала, күніңізді сәтті өткізуге мүмкіндік аласыз. Осы әдісті, негізділікті, ойды бақылауды күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз.
Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.
stan.kz