«Қатерлі ісікпен ауырдым»: «До-Мажор» тобының экс әншісі Ермек Мұқашев ел алдына шықты

0

Кезінде хит топтардың біріне айналған “До Мажор” тобының мүшесі, әнші Ермек Мұқашев көрерменмен қауышты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғалған топтың мүшесі “Астарлы ақиқат”бағдарламасына келді. Топтың таралу себебін де айтты.

“Ел алдында жүріп, халықтың қошеметіне бөлену – қиын дүние. Адамды өзгертетін нәрсе екен. Тұрақтылық пен жауапкершіліктен ажыратады. Түсірілімдерге кешігіп келе салады, ұйықтап қалады. Тойдың ақшасын алып, бармай қояды. Одан адам шаршайды. Кімді сүйреп жүресің? Арамызда келіспеушіліктер болғаны рас. Әркім өз кемшілігін өзі біледі”, – деп әнші топтың таралу себебін айтты.

Одан кейін денсаулығы да сыр беріп, топтан кетуге де мәжбүр болғанын жасырмады.

“Мен денсаулығыма байланысты топтан кетемін деп шешім қабылдадым. Топтың тірлігімен араласатын шамам да, көңіл күй де болмады. Тіпті, өнер түгілі отбасыма қарайтын жағдайым болмай қалды. Әйелім мен бала-шағамды да ұмытып, денсаулығыммен әуре болып кеттім. Бастысы үміт, талпыныс және тәртіп екен. Дәрігердің айтқанын бәрін істеп, 6 айда толықтай айығып шықтым», – деп ағынан жарылды Мұқашев.

Еске салайық, бұған дейін “Мақсат пен Мақсат” тобының әншісі Мақсат Ынтықбаев та өнерден кетіп қалғанын айтқан еді.