Қатерлі ісікке шалдыққан Нұрдәулеттің әкесі: Балапанымызға жәрдемші болыңыздаршы (фото)

0
75

7 жастағы ұлы қатерлі ісікке шалдыққан әке халықтан көмек сұрайдыдеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Нұрдәулет Тәңірбергенұлының отасына 13 млн-ға жуық қаражат керек. 7000 мыңға жуық адам 7 жастағы баланың еміне деп 2000 теңгесін берсе қажет қаражат жиналатын еді. 

Тәңірберген Нұрдәулет Әділетұлы

«Айдың күні аманында 7 жасқа енді толған жеткіншек балапанымыз ауыр науқасқа тап болып, төбемізден жәй түскендей есеңгіреп қалдық. әуелі Алладан жалбарына медет тілеп, одан кейін, өздеріңіздей абзал жандардан өтіне көмек сұрауға мажбүр болып отырмыз.

Баламыз Тәңірберген Нұрдәулет Әділетұлы 16.12.2011 туған. 2018 жылдың қазан айынан бастап баламыздың басындағы қалыпсыздықты байқап, биылғы жылдың 4-желтоқсанында МРТ сараптамасын жасаттық. Күтпеген жерден, мидың қатерлі ісігіне шалдыққанын және орналасқан аумағы өте қауіпті бөлегінде болғандықтан, елімізде ота жасалмайды екен. Сол себепті, Корея елінде жасалатын отаға 35000 доллар қаражат қажет. Қатардағы қарапайым адамдар болғандықтан біз бұл қаражатты төлей алмаймыз. Көз алдымызда ауыр науқас меңдетіп, солған гүлдей әлсіреп бара жатқан балапанымызға жәрдемші болыңыздаршы!

Әр Қазақ менің жалғызым – дейтін жанашыр жандар ендігі бар үмітіміз сіздерде ғана болып тұр. Көп түкірсе көл болар дейді, көзі жәудіреп жатқан балапанымыздың аман қалуына көп болып көмектесіп жіберіңіздерші», дейді Нұрдәулеттің отбасы.

Әкесі: Елшібеков Әділет Тәңірбергенұлы.
Анасы: Дилшат Жазира.
ИНН: 900115402650
kaspi Gold: 5169 4931 1197 6067
Тел: 87052061151

«Қамшы» сілтейді