Қатерлі ісікке шалдыққан әйелдің күйеуі қашып кеткен

0

Қазір Ош облыстық онкология орталығында емделіп жатыр. Танзиланың жеті жасар ұлы мен бір жасар қызы бар. Оның күйеуі, Қара су ауданы Жданов ауылының тумасы Ресейде жұмыс істейді. Танзиланың айтуынша, жолдасы оның диагнозы туралы ести сала, телефон нөмірін өзгертіп, жоғалып кеткен.

«Қазір ауруханада радио және химия терапия алып жатырмын. Рак оң бүйрегімді зақымдады. Мамыр айында операция жасап, алып тастады, алайда кеселдің таралуы салдарынан сүйегімді бүлдіре бастады. Денемнің оң жағы жансыз, өздігімнен не жүре алмаймын, не тамақ іше алмаймын. Үш айдан бері төсектен тұрған жоқпын, бір қалыпта жатамын. Шашым түсе бастады, тақырлап алып тастауға тура келді», — дейді келіншек.

Ол балаларының күні не болатынын ойлап, жиі жылайтынын айтады.

«Мұндай күндерде күйеуім балаларға қарап, қолдау көрсетуі тиіс еді, алайда ол жоғалып кетті. Тағдырым осылай болатыны үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді»- дейді ол.

Науқас әйел тек анасы мен туыстарына арқай сүйейді. Әкесі осы оқиғаға дейін қайтыс болған. Танзиланың анасы Суйумкан Иттуйбасова күйеу баласының туыстарынан көмек сұрағанын айтады, бірақ олардан қайран болмапты. 

«Қызымды ауырсынуды басатын дәрі-дәрмекпен емдеп жатыр. Одан жағдайы оңалып жатқан жоқ. Қажет дәрілер қымбат тұрады. Ай сайын 50-60 мың сом жұмсаймыз. Әкесі жоқ, мен Танзилаға қараймын, сондықтан жұмыс істеуге уақытым болмайды. Ақшаны басқа балаларым мен Танзиланың достары беріп жатыр. Емделуге 30 мың доллар қажет. Біз мұндай ақшаны таба алмаймыз, қайырымды жандардың көмегін күтуден басқа амалымыз жоқ», — деді ол.

Танзила Эргешованың мамандығы заңгер. Ош мемлекеттік заң институтын бітірген.

Дереккөз: Sputnik