«Қатерлі ісік туралы сол кезде білдік»: Фариза Төреәлі перзентханадан шыққан сәтін жариялады

0

Танымал блогер, жақында ана атанған Фариза Төреәлі перзентханадан шыққан сәтін бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің айтуынша, қатерлі ісікке күдікті де осы кезде білген.

«Біз көп аңсаған, елестеткен, арман еткен күн. Бөпетайымызды аман-есен қолға алып, жақындарымызбен қауышу. Алайда бәрі біздер, пенделер, қалағандай бола бермейтіні, тек Алла жоспарымен болатынына тағы дәлел. Жаман диагнозға күдік бар екенін Дархан екеуміз естіп алып шықтық, өзімді емес, бөбегімді ойлап езіліп, отбасыма алаңдап, болашақты уайымдап, өмір жайлы, осы уақытқа дейін жасаған жұмыс, амал бәрін қорыта алмай тұманда тұрғандай болған кез. Қызығы, жақынымыздың көбі ол жайлы білмейтін. Солай не толық қуанарыңды білмей, не тамағыңнан өксік кетпей тұрған сәттер бұл жерде.. Әкетайы бізді ештеңеге қарамастан ерекше күтіп алды. Қазір қарап отырсам бәрі артта қалды, шүкір. Өмір жайлы ойландырып, амалдарыма толғануға себепші болған бөпетайым.. Аллаһым еш баланы ата-анасыз, еш ата-ананы баласыз қалдырмасын!» – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары блогерді ана атануымен құттықтап жатса, енді бірі “баланы асырап алған” деп жатыр. “Сіңлің Динаның баласын бауырыңа басып алдың ғой, неге елді алдайсың” деп жазып жатқандардың қарасы көп. “Сіз жатқан перзентханада санитарка болып жұмыс істеймін. Сізді көргенмін” деп жазды бір оқырманы. “Жүкті екеніңізді көрмегесін, сезіне алмай жатырмыз” деген оқырманына, блогер: “Өзім ана бақытын сезініп жатырмын” деп күліп жауап берді.

Еске салайық, блогер тоғыз ай бойы жүктілігін жасырып жүргенін жазған болатынбыз.