Қатерлі ісік тудыратын танымал өнім жария етілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Сүт өнімін қолдану әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін жоғарылатады. Мұндай тұжырымды АҚШ-тағы Лома Линда денсаулық университетінің мамандары шығарды, деп хабралайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

молоко

Ғалымдар сегіз жыл ішінде зерттелген 53 мың сау әйелдің диеталық деректерін талдады. Қатысушылар тамақтану сауалнамаларын толтырды, сонымен қатар олардың физикалық белсенділігі, алкогольді ішу жиілігі және гормоналды және басқа препараттарды қабылдау фактілері, сүт безі обырымен ауырудың отбасылық тарихы, репродуктивті және гинекологиялық денсаулығын байланысты анықтама толтырды.

Бақылау нәтижесі бойынша сүт бездерінің ісіктері дамуының 1057 жағдайы тіркелді. Сарапшылар қатерлі ісік пен соя өнімдерін, сондай-ақ ірімшік пен йогуртты қолдану арасындағы нақты байланысты анықтаған жоқ. Алайда, сүт өнімдерін жиі қолдану ісіктің пайда болу қаупін жоғарлатады. 

Сүт өнімдерінің анықталған қауіпті әсері жақында жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес келеді, соған сәйкес вегетариандықтарда, бірақ оволактовегетарианшылар емес (жұмыртқа мен сүт тұтынады), вегетариан емес адамдарға қарағанда сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупі аз. Мұндай нәтиженің себебі сүт құрамында ісіктердің дамуына ықпал ететін жыныстық гормондар болуы.
 

stan.kz