Қатерлі ісік тудыратын дәрі-дәрмектер барлық дәріханалардан алынды – новости Казахстана

0

Құрамында валсартан атты белсенді заты бар «Вазар», «Нортиван» және «Вазар Н» дәрілері дәріхана сөрелерінен алынып тасталды. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

glavred.info

Көрнекі фото: glavred.info

Құрамында аталмыш белсенді зат бар дәрілердің қауіпті екені анықталғаннан кейін еліміздегі барлық дәріханалардан көзін жою шаралары жүзеге асырыла бастады.

Қытайлық «Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс Ко.Лтд» компаниясы өндіретін белсенді заттың құрамында N-nitrosodium натрий метиламині бар болып шыққан.

Бұл зат қатерлі ісік тудыратын канцероген екен. Оны күнделікті ұзақ уақыт пайдалансаңыз, қатерлі ісікке шалдығуыңыз мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бурабкованың айтуынша, валсартаны бар дәрілерді ішуді өз бетінше тоқтатуға болмайды.

Жергілікті дәрігеріңізге барып, валсартанды алмастыратын басқа дәріні алу керек.

«Бүгін бұл дәріні алмастыратын препараттар көп. Тіпті құрамында валсартаны бар рұқсат етілген дәрілер де бар. Олардың құрамында натрий метиламин жоқ. Олар науқас денсаулығына қауіпсіз», – деді Людмила Бюрабекова.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың тамыз айында денсаулық сақтау министрлігі құрамында валсартаны бар бірнеше дәріні қолданысқан алған болатын. Дәл осындай шаралар басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылған.

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізімде бар-жоғын дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығының сайтына кіріп тексеруге болады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз