Қатерлі ісік пен жүрек ауруларынан сақтанудың жолын атады
Қысқа сілтеме алу
Кардиолог мамандар қандай адамдарда қан қысымының арту қаупі жоғары екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Еуропаның кардиологтар қоғамдастығының (ESC) ғалымдары темекі шегетін адаммен бір үйде тұратындардың қан қысымы артатын айтып отыр.
Жаңа ауқымды зерттеу кезінде темекі түтінін жұту мен артериалдық гипертензия арасындағы байланыс анықталды. Зерттеуге орташа жасы 35 шамасындағы 130 мың адам қатысқан.
Тағы оқыңыз: Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр
«Жоғары қан қысымы, жүрек ауруларынан сақтану үшін темекі шегетін жерлерден аулақ болу керек. Темекі әсерінен жай ғана қорғанып қою жеткіліксіз», — дейді Сеулдегі Сунгкьюнкван университетінің профессоры, зерттеу авторы Бенг Джин Ким.
Оның айтуынша, үйде немесе жұмыста темекі түтінімен дем алған кезде гипертония қаупі 13%-ке арта түседі. Темекі шегетін адаммен 20 жылдай бірге тұру бұл дертке шалдығу қаупін 15 процентке ұлғайтады.
Тағы оқыңыз: Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын анықталды
Ал Лондон университеті колледжінің мамандары темекі шекпейтін адам өкпесінің қатерлі ісігін анықтау өте қиын екенін айтып отыр. Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың онкологиялық дерттерге шалдығуының басты себебі — темекі түтінімен дем алу. Қатерлі ісікке шалдықпаудың жолы ретінде темекі түтінінен сақтану керектігін айтады.
sputniknews.kz