Қатерлі ісік пен жүктілікті шатастырып алған келіншек ұлды болды
Ұлыбритания тұрғыны бірнеше ай бойы өз жүктілігін аналық бездің қатерлі ісігіне теңеп келген. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жыл басында 45 жастағы Джени Фернер мен 43 жастағы Гэри Грецияға саяхаттап кетеді. Алайда демалыста жүрген келіншектің жүрегі айнып, дәретханаға барғысы келген екен.
Өзінде қатерлі ісік бар деп күмәнданған келіншек бірден ауруханаға жөнеліпті. Артынша ультрасәулелі тексерістен өткен әйел өзінің жүкті екенін біліп, таңданып қалған екен.
Аналық бездегі мәселелерге байланысты бала көтеру мүмкіндігі өте аз болған Джени тек бір қызды дүниеге әкелген көрінеді. Енді келіншек 20 жылдан соң ғана екінші баланың анасы атанды.
Қазан айында Фернер Оливер есімді ұлды дүниеге әкелді.
«Мен жаңа туған сәбиі қалай бағу қажеттігін ұмытып қалыппын. Мен қазір түнімен ұйықтамай, емзііп жүрмін», — дейді ол.
Ал Оливердің әкесі бұл жағдайға қатты қуанғанын айтады.