“Қателігін мойнымен көтерсін” — Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келіні туралы

0

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі тікелей эфирлердің бірінде келінінің қателігі туралы сөз қозғаған.

«Алданып қалды, ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзінің қателігі болғасын, өзінің мойнымен көтеріп жатыр. Ол да тырысып жатыр, көрсін. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайлықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше түндер ұйықтамай, концерт беріп, дизайнмен ремонт жасап, жиһаздарын алып бергенбіз, көрсін енді. Қайраттың бала-шағасы, Жұлдыз үйсіз қалмайды. Бірақ, кішкене уақыт бердік. Ол да оңай үй емес, өте қымбат үй. Мысалы, мен қазір үйімнен айырылып қалсам, ертең барып үй ала салмаймын ғой. Оның барлығының артында Қайраттың еңбегі тұр ғой. Қайрат та адам. Сол үшін артық сөздің керегі жоқ. Үй қазір алынбай жатқанымен, ай сайын 1 миллион төлеп пәтерде тұрып жатыр, үш ай сайын 3 миллион төлеп қояды», — дейді Гүлзира Айдарбекова.

фото: ашықдереккөз