Қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін
Азаматтар санитарлық дәрігердің айтқан талаптарын орындамаса, тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан карантиндік шаралар туралы онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
«Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин шараларынан біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайтадан өсуде. Азаматтар санитарлық дәрігердің айтқан талаптарын орындамаса, тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Оның айтуынша, 7 қазандағы жағдай бойынша елімізде Covid-19 жұқтырған 108 362 адам тіркелген. Соңғы тәулікте 66 азаматтан індет анықталды, яғни 0,6% өскен.
«3 145 науқас емделуде. Оның 103 465-і жазылып шықты. Өкінішке қарай, 1 752 адам коронавирус салдарынан көз жұмды.
Республикада коронавирус инфекциясының ПТР тест нәтижесі теріс 33 877 ықтимал жағдайы тіркелген. Тәулігіне 262 науқас тіркелген, яғни 0,8% өсті. 27 563 адам жазылып шықса, 361 азамат қайтыс болды», — дейді ол.
inform.kz