Қасымов Назарбаевқа полицейлердің жаңа киім үлгісін көрсетті (фото, видео) – новости Казахстана

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдары қызметкерлерінің жаңа киім үлігісі таныстырылды деп хабарлайды «Хабар 24″.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Полицейлердің жаңа киім үлгісін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Дереккөздің мәліметінше, бұл киімдердің соңғы нұсқасы болып табылады екен.

Ал телесюжет кадрларынан полицей киімдерінде латынша POLITSIIA деген жазуды аңғаруға болады.

Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24

Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24

Сондай-ақ, қазақстандық құқық қорғау органдары шевронының дизайны өзгереді. Ол енді ақ-қара түсті болады. Ал жазулар латын қарпінде жазылады.

Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24

Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24

Көшеде жұмыс істейтін полиция қызметкерлері үшін жыл мезгіліне байланысты кепкалар, тоқылған бас киімдер мен құлақшын сынды бас киімдер қарастырылған.

Дереккөз: Хабар 24


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!