Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (ВИДЕО)

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Мәтіндік трансляцияны ҚазАқпарат жариялады.

***

12:32 Жолдау аяқталды.

12:32 «Біз халқымыздың тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз. Келер жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл мерейлі дата – егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы. Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Бұл біздің қолымыздан келеді, мен оған кәміл сенемін. Еліміз әрқашан аман болсын. Баршаңызға рахмет!», – деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

12:31 – «Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз», – деді Президент.

12:30 Құрметті отандастар! Алдымызда күрделі әрі ауқымды міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтмақ және өзара қолдау қажет. Біздің стратегиялық бағытымыз айқын, түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз. Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралар жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсысымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек.

***

12.26 – «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлейтін кез келді. Парламент сол бойынша сәйкес заңдар жиынтығын қабылдайды», – деді Президент.

***

12.19 – «Правительству следует наладить взаимовыгодное сотрудничество между промышленностью и ИТ – отраслью. Это позволит сформировать цифровые технологические платформы, которые могут стать движущей силой цифровой экосистемы каждой отрасли», – отметил Касым-Жомарт Токаев.

***

12:16 – «Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады», – деді Президент.

***

12:15 – Мемлекет басшысы: 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек.

***

12:14 – Президент: Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру керек.

***

12:09 – «ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын», – деді Президент.

12.08 – «Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік беру керек. Ол азаматтарға таныс, қолжетімді және беделді болуы керек», – деді Мемлекет басшысы .

***

12.07 – Президент: Қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Оны жиі түзетулер мен өзгерістер енгізу құқықты қолдануға кері ықпал етеді және біркелкі тергеу және сот практикасын жасауға мүмкіндік бермейді.

***

12:00 – «Пандемия сирек мамандықтардың дәрігерлерін, эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды және кардиологтарды әзірлеу мәселесін төтесінен қойды. Үкіметке шамамен 10 жылға медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді болжам жасауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

***

12.00 – «Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлердегі көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет», – деді Президент.

***

11:59 – Қасым-Жомарт Тоқаев: Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай Денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталық – еліміздің беткеұстар салалық мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді.

***

11:59 – Президент: 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады.

***

11: 59 – «Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», – деді Мемлекет басшысы.

***

11.54 – Касым-Жомарт Токаев поручил Правительству разработать концепцию непрерывного образования. «В этом документе нужно предусмотреть активное внедрение альтернативных вариантов неформального образования, признание результатов самостоятельного обучения, сертификацию профессиональных навыков», – отметил Глава государства. (Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. «Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды сертификаттауды қарастыру керек», – деді Мемлекет басшысы.)

***

11:51 – Президент Үкіметке елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеуге кірісуді тапсырды. «Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдануы керек. Ол үшін азаматтың цифрлы әлеуметтік әмиянын енгізіп, сондай-ақ тиісті тауар өткізуші жүйені құру қажет», – деп мәлім етті ҚР Президенті.)

11:51 – Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді – Президент.

***

11:50 – «Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, «Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

***

11:47 – «2021 жылдан «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуға тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

***

11:47 – 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға ала алады – Мемлекет басшысы.

11.40 – «Президентке тікелей қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын. Тең бәсекелестікті дамытуда экономиканы мемлекет иелігінен шығару маңызды рөл атқарады», – Президент.

***

11:39 – Бәсекелестік саясаты аса маңызға ие. Бәсекелестік саясатын түрлендіріп, әр кәсіпкерге тең мүмкіндіктер беру қажет.

***

11:38 – Президент: Мемлекеттік органдарға бюджеттік дербестік беру қажет. Бұл мәселелерді жедел шешуге, ұжымдық жауапсыздық пен қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік береді. Алайда оның қатаң сұрауы болуы тиіс.

***

11.35 – «Принято решение создать в структуре Национального банка Комитет по денежно-кредитной политике. В его состав войдут и независимые члены. Коль скоро мы говорим о важности справедливого перераспределения национального дохода, то следует разработать такую же налоговую политику, понятную для всех граждан страны», -заявил Президент. («Ұлттық банк құрылымында Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құру жөнінде шешім қабылданды. Оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді. Біз ұлттық табысты қайта бөлу маңыздылығын айтып отырғандықтан, бүкіл ел азаматтары үшін түсінікті салық саясатын дамытуымыз керек», – деп мәлімдеді Президент).

***

11.32 – Поручаю в течение следующего года разработать новую нормативно-правовую базу деятельности МСБ. Любое незаконное вмешательство государственных структур в предпринимательскую деятельность, воспрепятствование работе бизнесменов должно восприниматься, как тягчайшее преступление против государства, – поручил К. Токаев. («Келесі жылы ШОБ қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді тапсырамын. Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс», – деді Қ.Тоқаев).

***

11:32 – «Следующее – бизнес-климат. Эта сфера нуждается в реформах, поскольку регуляторная система по-прежнему остается громоздкой, даже карательной. Базовые принципы регуляторной политики должны быть изменены», – отметил Глава государства. («Келесі – бизнес климат. Реттеуші сала әлі де ебедейсіз, тіпті жазалаушы болғандықтан, бұл сала реформаларға мұқтаж. Реттеуші саясаттың негізгі принциптері өзгертілуі тиіс», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.)

***

11:26 – Электр энергетикасы, кәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс.

***

11.26 – «Я поручаю Правительству совместно с бизнесом начать разработку качественно нового национального проекта по развитию АПК на пятилетку. Наши основные задачи – самообеспечение социально-значимыми продовольственными товарами», – сказал Президент РК. («Үкіметке бизнеспен бірлесіп АӨК-тің бесжылдық дамуы жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын. Біздің негізгі міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өзіндік қамтамасыз ету», – деді ҚР Президенті).

***

11:25 – Президент: Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды.

***

11:19 «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан ішкі нарықтарымыздың зор мүмкіндіктерін әлі де толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз», – деді Президент.

***

11:18 – «С 1 июля 2021 года следует внедрить факторно-балльную шкалу. Это приведет к усилению ответственности и мотивации государственных служащих», – отметил Президент. (2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек – Президент).

***

11:17 – Ұзаққа созылған мұнай суперциклі аяқталған тәрізді. Енді әлемдік нарықтың түбегейлі жаңа конъюктурасына дайын болу керек – Мемлекет басшысы.

***

11:17 – «Еліміздің жаңа экономикалық курсы 7 негізгі ұстанымға негізделуі қажет», – деді Президент.

***

11:17 – Президент: Қазіргі өзгермелі әлемде шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондықтан, құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлері арасында балансты қамтамасыз ету керек. Мұны кешіктіруге болмайды!

***

11:16 – Шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту мақсатын 2021 жылы шешеміз – Президент.

***

11:15 – Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жетелдетуді тапсырамын – Мемлекет басшысы.

***

11:10 – Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру жөнінде шешім қабылдадым – Президент.

***

11:10 – Президент: Әлеуметтік төлемдерды индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

***

11:09 – Қасым-Жомарт Тоқаев: Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінуде.

***

11:09 – Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді – ҚР Президенті.

***

11:07 – Президент: Коронавируспен күресте дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын.

***

11.04 – Мемлекеттік Әнұран ойналды.

***

11.03 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жаңа сессиясын ашты. «ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 6-шы шақырылымдағы Парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР Президенті.

11:00 – Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына сөз берді.

***

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 2 қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.