Қасым-Жомарт Тоқаевтың демалысы қалай өтті

0
66

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстан президентінің 2019 жылы 22-28 шілде аралығында атқарған ісіне видео шолу

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада қысқамерзімді демалыста болды, сонда да бірқатар маңызды шешімдер қабылдаған.

22 шілдеде Тоқаевтың төрт күнге демалысқа шыққаны белгілі болды. Сол күні Ақордада мемлекет басшысы жанынан Орталық коммуникациялар қызметі құрылғаны туралы жарлық шықты.

​Бұдан бөлек, Тоқаев Аида Балаеваны өзінің көмекшісі – президент әкімшілігіне түскен арыз-шағымдарды қарауды бақылау бөлімінің басшысы етіп тағайындады. Тимур Сүлейменов президент әкімшілігі басшысының орынбасары атанды.

​Сейсенбіде Тоқаев МАГАТЭ бас директоры Юкия Аманоның қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Келесі күні мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті телефон арқылы туған күнімен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.

Жиырма төртінші шілдеде Тоқаев браконьерлердің қолыннан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновты І дәрежелі «Айбын» орденімен, зардап шеккен инспектор Самат Оспановты ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.

Тағы оқыңыз: Браконьерлер шабуылынан тірі қалған қорықшының сұқбаты

Сонымен қатар Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдап, Арыста қаза тапқан әскерилер мен қаланы қалпына келтірген қызметкерлерді марапаттау қажеттігін айтты.

Бұл аптада президент Тунис мемлекет басшысының қазасына орай көңіл айтып, Ұлыбританияның премьер-министрі болып сайланған Борис Джонсонға құттықтау жеделхатын жолдады, сондай-ақ елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Бауыржан Байбекке халық үшін аса маңызды тапсырма берді



sputniknews.kz