Қасым-Жомарт Тоқаев WhatsApp арқылы тапсырма беретінін айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тәсіл қауіпсіздік жағынан дұрыс болмағанымен, өте жылдам деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беретінін айтты.

Мемлекет басшысы студенттік шақта танысқан адамдармен араласасыз ба деген сауалға да жауап берді.

Қазір олармен үнемі байланыста бола алмаймын. Ресейге келгенде кездесуге тырысамын. Бірақ қазір интернет бар, әлеуметтік желілерді де қолданамын. Тіпті кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беремін», — деді Тоқаев «Россия» телеарнасына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, бұл қауіпсіздік жағынан дұрыс болмаса да, жұмыс өте жылдам істелінеді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Назарбаевтың президенттікке бірнеше кандидатты қарастырғанын айтты

Сондай-ақ, ол Twitter-ді белсенді қолданатынын айтты. БҰҰ-да істеген кезде осы желіге үйренген.

«Ол ұйымда бәріміздің жеке парақшамыз болуы керек еді. Әрине, менде сол әдет қалды. Twitter–ді жеке телеграф агенттігі деуге болады», — деді ол.

Президент Instagram-ды да пайдаланатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Назарбаевтан ақыл-кеңес сұрауға ұялмаймын

«Бұл желіні президент болған соң пайдалана бастадым. Маған парақша ашуға кеңес берді» , — деді ол.



sputniknews.kz