Қасым-Жомарт Тоқаев Украина жайлы сөз қозғады
Өзінің Германиядағы іссапарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина туралы сөз қозғады.
Тоқаев Украинаның шығысындағы жағдайларды реттеу Нормандиялық нұсқада өтуі тиіс деп айтты. Бұған қоса мемелекет басшысы орын алған қырғи-қабақты шешу үшін саяси делдал бола алатындығын және ол үшін арнайы жер тағайындай алатындығын жеткізді.
«Мемлекетіміздің Тұңғыш президенті саяси ахуалды Қазақстан аумағында шешуге дайын екендігін айтқан болатын. Дегенмен біз бұл мәселе Нормандиялық нұсқада қарастырылуы тиіс деп ойлаймыз. Сонымен қатар біз Нормандия тқртігінің кезекті жиналысы 9 желтоқсан күні Парижде өтетіндігін білеміз. Өз тарапымыздан біз бұл жиналыстың өтуіне сәттілік тілейміз, себебі Украина мен біздің елдің арасында жылдар бой жалғасып келе жатқан достық қатынастар бар. Біздің украиналықтарға деген көзқарасымыз өте жоғары деңгейде, сол себепті олардың жақсы өмір сүрулеріне әрқашанда тілекшіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен кездесу барысында.
Бұған дейін Тоқаев пен Меркельдің кездескені туралы айтылған еді. Сонымен қатар Қазақстан Қырымның Ресеймен қосылуы аннексия деп санамайтындығы жарияланған.
stan.kz