Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге президент ретінде алғаш рет аттанады

0

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Ресейге аттанады. Бұл туралы MK басылымы жазды.

РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, бұл мемлекет басшы Тоқаевтың өзге елге жасайтын алғашқы сапары болмақ.

«Біз жаңа президентті бірден шақырдық», — деді Ушаков.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта сапардың егжей-тегжейі нақтыланып жатыр.

stan.kz