Home Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісі Алексей Бородавкинді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісі Алексей Бородавкинді құттықтады

0
66

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның әр өңірі бойынша кандидаттар қанша дауыс жинады?

Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, президент сайлауындағы жеңісіне байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді.

«Мен сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл – таза жеңіс әрі халықтың сізді Қазақстан президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі», – деді Ресей елшісі.

Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету және екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.

Президент сайлауының қорытындысы

Кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 77,4 проценті жасады.

Тағы оқыңыз: Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,76%;
  • Әміржан Қосанов – 16,02%;
  • Дания Еспаева – 5,2%;
  • Төлеутай Рақымбеков – 3,2%;
  • Амангелді Таспихов – 2,07%;
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
  • Сәдібек Түгел – 0,92%.



sputniknews.kz