Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда тек қазақ тілінде сөз сөйлеп жүр
Қысқа сілтеме алу
Президенттің Қытайдағы мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды кездесу жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы мемлекеттік сапары аясындағы кездесулерде баяндамасын тек қазақ тілінде жасап жүр, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Берік Уәли атап өткендей, мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын бастан-аяқ мемлекеттік тілде жасаған.
Тағы оқыңыз: Тоқаевтың Қытайға не үшін барғаны белгілі болды
Айта кетсек, Тоқаев 11-12 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қытайда болады. Сапар аясында бірқатар маңызды іс-шара жоспарланған. Атап айтқанда, президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізеді.
sputniknews.kz